Қазақстан жастар құрамасы Молдовадан да ұтылды

О Сансызбай Корреспондент
Қазақстан жастар құрамасы Молдовадан да ұтылды

Футболдан 18 жасқа дейінгі Қазақстан жастар құрамасы «Гранаткин Мемориалы» турнирінің 13-18 орындар үшін өткен кездесуінде де жеңіліс тапты. Молдова жастары жерлестеріміздің қақпасына жауапсыз үш доп тоғытты.

БӨЛІСУ

Ойынның алғашқы 10 минутының ішінде-ақ молдовалық ойыншылар есепте екі доп басымдығымен алға шықты. Оның бірі – автогол болды. Ал үшінші голды қарсыластар ойын соңына қарай соғып кетті. Қазақстан жастар құрамасы (U-18) есепті қысқартуға ұмтылғанымен, шабуылдарынан нәтиже шықпады.

Сергей Тагиев жаттықтыратын Қазақстан құрамасы (U-18) келесі кездесуін ертең Эстония жастарымен өткізеді. Ойын Астана уақытымен сағат 17:30-да басталады. Осыған дейінгі үш кездесуде де гол соқпаған отандастарымыз ертең де гол соға алмай жатса, соңғы орыннан ғана көрінетін болады.

Айта кетейік, «Гранаткин Мемориалы» турниріне Қазақстан жастар құрамасы (U-18) сапында Бразилияның «Оле Бразил» футбол академиясында жаттығып келген 11 жас жеткіншек аттанған болатын. 

Сурет:granatkin.com