Неймар - Еуропа жасыл алаңдарының жарық жұлдызы

Нұржігіт Айдархан Корреспондент
Неймар - Еуропа жасыл алаңдарының жарық жұлдызы

"Барселона" командасының шабуылшысы Неймар еуропа клубтарында өнер көрсетіп жүрген ең үздік бразилиялық футболшы атанды. 

БӨЛІСУ

Sambafoot.com порталы жүргізген сауалнамаға Бразилия құрамасының бұрынғы ойыншылары, журналистер және сайт оқырмандары қатысқан. 

Сауалнама нәтижесі бойынша, 29% дауыспен Неймар көш бастаса, мадридтік "Атлетико" командасының қорғаушысы Миранда (16%) екінші орынға ие болды. Үздік үштікті Түркияның "Галатасарай" клубында өнер көрсететін Фелипе Мело (16%) түйіндеді. 

Төртінші орынды ресейлік "Анжи" командасының бұрынғы ойыншысы, "Челсидің" жартылай қорғаушысы Виллиан иеленді. Сондай-ақ, бұл тізімде Ресейдің "Зенит" командасында доп тебетін Халк пен ЦСКА-ның қорғаушысы Марио Фернандестің де аты аталды. Олар екеуі де 1% дауыс жинаған.

Сурет: youtube.com