Жас футболшыларымыз «Гранаткин Мемориалы» турнирін сәтсіз бастады

Нұржігіт Айдархан Корреспондент
Жас футболшыларымыз «Гранаткин Мемориалы» турнирін сәтсіз бастады

Футболдан 19 жасқа дейінгі Қазақстан жастар құрамасы «Гранаткин Мемориалы» турнирінің алғашқы кездесуінде Болгария бозабалаларымен ойнап, 2:0 есебімен жеңіліп қалды. 

БӨЛІСУ

Кеше Ресейдің Санкт-Петербург қаласында ХХVІІ «Гранаткин Мемориалы» турнирі жалауын көтерген болатын. Жерлестеріміз беташар кездесуінде Болгария жастарына есе жіберді. 

Болгария сапынан Георгиев мен Игнатов көзге түсті.

Енді, Сергей Тагиев пен Қайрат Әубәкіров жаттықтыратын 19 жасқа дейінгі Қазақстан жастар құрамасы ертең Словения жастарымен кездеседі.

Қазақстан U-19: Грубов, Әбдеш, Әбдіразақов, Тыныбек, Мирсалимбаев, Гладченко, Мақұлов, Котов, Қамбіл, Қуанышбай, Оралбай.

Болгария U-19 — Казахстан U-19 - 2:0 (1:0)
Голы: 
Георгиев 15 (1:0), Игнатов 73 (2:0).

Сурет: vk.com