«The Guardian» жылдың үздік командасын анықтады

О Сансызбай Корреспондент
«The Guardian» жылдың үздік командасын анықтады

Ұлыбританияның «The Guardian» басылымы жылдың үздік командасын анықтады. Жыл сайын дәстүрлі түрде жалғасын тауып келе жатқан басылым рейтингін түзуге әлемнің 28 елінен 73 футбол сарапшысы қатысқан.

БӨЛІСУ

Футбол клубтары арасындағы басылым рейтингінің көшін мюнхендік «Бавария» бастады. Екінші орынға каталондық «Барселона» орналасқан. Үштікті Жозе Моуриньо жаттықтыратын лондондық «Челси» қорытындылапты. Ал 2013/2014 жылғы маусымда Чемпиондар лигасын жеңіп алған мадридтік «Реал» тек төртінші орыннан көрініп отыр.

Ең тартысты Еуропаның чемпионаты ретінде ағылшын премьер-лигасы үшінші жыл қатарынан үздік болып танылды. Екінші орыннан Испания чемпионаты көрінсе, үшінші орын бундеслигаға тиесілі болыпты.

Естеріңізге сала кетсек, «The Guardian» басылымы осыған дейін 2014 жылғы әлемнің 100 үздік футболшысының тізімін шығарған болатын. Бұл көште Криштиану Роналду үздік шыққан еді. 

Сурет: bestgoal.tv