2016 жылғы Олимпиаданың басты рәміздерінің есімдері таңдалды

О Сансызбай Корреспондент
2016 жылғы Олимпиаданың басты рәміздерінің есімдері таңдалды

2016 жылы Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өтетін жазғы Олимпиада мен Паралимпиаданың басты рәміздерінің есімдері таңдалды. Ғаламтор арқылы дауыс берген бразилиялықтар Винисиус пен Том есімдерін лайықты деп таныды.

БӨЛІСУ

Олимпиаданың басты рәміздерінің аты әйгілі бразилиялық танымал музыкант және композитор Винисиус Морайс пен Том Жоби құрметіне арналған. Дауыс берушілердің 44 %-ы осылай атауды жөн деп шешкен. Басты рәміздер жергілікті хайуанаттар әлемі (фауна) мен өсімдіктер дүниесі (флора) негізінде ойластырылып, құралған. Хайуанаттар дүниесі негізінде алынған белгі мысыққа ұқсас аң түрінде келсе, өсімдіктер әлемі негізіндегі белгі жапырақ жайып тұрған ағашты елестетеді.

Естеріңізге сала кетсек, Рио-де-Жанейро 2016 жылғы Олимпиада ойындарын өткізу құқығын 2009 жылы иеленген болатын. Төрткүл дүние көз тігер дода 2016 жылдың 5-21-тамыз аралығында өтеді. Бразилиялық қаламен қоса бұл құқықты иеленуге Мадрид, Токио және Чикаго қалалары да таласқан-ды.

Сурет: rio2016.com