Әзірбайжандық клуб УЕФА-ға шағым түсірмек

О Сансызбай Корреспондент
Әзірбайжандық клуб УЕФА-ға шағым түсірмек

Әзірбайжанның «Карабах» футбол клубы Еуропа лигасының соңғы турындағы «Интерге» қарсы ойында соққан голдарының есепке алынбауына байланысты УЕФА-ға шағым түсірмек. Бұл туралы клубтың менеджері Асиф Аскеров тілшілерге хабарлаған.

БӨЛІСУ

Еуропа лигасында сәтті өнер көрсеткен әзірбайжандық клубтың топтан шығуға мүмкіндігі болған. Ол үшін соңғы турда миландық «Интерді» жеңулері тиіс еді. «Карабах» командасы кеше өткен ойында жеңіс үшін барынша талпынған. Тіпті, соңғы минутта әйгілі италиялық команданың қақпасына гол да соққан. Бірақ, бас қазы Мирослав Зелинка голды есептемей тастаған. Ал клуб басшылығы мен футбол мамандары төрешінің голды есептемей тастауына еш негіз жоқ деп мәлімдеуде. Ешқандай оффсайд орын алмаған.

Айта кетейік, «Интер» қақпасына соғылған гол есептелгенде, әзірбайжандық команда плей-офф кезеңіне шыққан болар еді.  

Cурет: vk.com