Бокстан 2014 жылғы ел чемпиондары белгілі болды

О Сансызбай Корреспондент
Бокстан 2014 жылғы ел чемпиондары белгілі болды

Тараз қаласында бокстан 2014 жылғы ел біріншілігінің финалдық кездесулері мәресіне жетіп, чемпион атанған былғары қолғап шеберлері белгілі болды. Ал жалпыкомандалық есепте Жамбыл облысы көш бастады.

БӨЛІСУ

Кеше өткен жартылай финалдық кездесулер қорытындысы бойынша, Оңтүстік Қазақстан құрамасы (6 боксшы) көш бастап шыққан еді. Бірақ, финалдық жекпе-жекте Закир Сафиуллин ғана (60 келі) алтыннан алқа тақты. Ал Жамбыл облысының финалға шыққан 4 боксшысының 3-еуі жеңіс тұғырынан көрінді. Нәтижесінде командалық көшті бастады. Додада еліміздің 14 облысынан бөлек, Алматы мен Астана қалаларынан келген боксшылар бақ сынады.

Жамбыл обл. – 3 алтын,

Ақмола обл. – 2 алтын,

Алматы обл. – 2 алтын, 

Астана – 2 алтын,

Оңтүстік Қазақстан обл. – 1 алтын.

2014 жылғы ел чемпиондары:

 49 келі

1 (алтын).Теміртас Жүсіпов (Ақмола обл.)

2. (күміс). Жомарт Ержан (ОҚО)

3. (қола). Шерхан Сүгірбек (Жамбыл обл.) және Мардан Берікбаев (Ақмола обл.)

52 келі

1. Олжас Сәттібаев (Жамбыл обл.)

2. Азамат Исақұлов (Маңғыстау обл.)

3. Азат Махметов (Астана) және Мирас Жақыпов (ШҚО)

56 келі

1. Алмас Жақыпов (Жамбыл обл.)

2. Нұрсұлтан Көшеғұлов (Ақмола обл.)

3. Жанболат Қыдырбаев (Жамбыл обл.) және Жанболат Тілегенұлы (Алматы) 

60 келі

1. Закир Сафиуллин (ОҚО)

2. Ержан Мұсафиров (Қарағанды обл.)

3. Жәнібек Күшенбаев (Жамбыл обл.) және Дархан Жұмсақбаев (Астана) 

64 келі

1. Самат Бәшенов (Астана)

2. Алмасбек Әлібеков (ОҚО)

3. Ғани Жайлауов (Жамбыл обл.) және Мақсат Жексенбі (Қарағанды обл.)

69 келі

1. Асланбек Шымбергенов (Жамбыл обл.)

2. Сағадат Рахманқұлов (Жамбыл обл.)

3. Бекзат Халметов (ОҚО) және Мадияр Әшкеев (Маңғыстау обл.)

75 келі

1. Мейірім Нұрсұлтанов (Астана)

2. Нұрзат Собиров (ОҚО)

3. Сапарбай Айдаров (Алматы обл.) және Рустам Сыбаев (Қызылорда обл.)

81 келі

1. Арман Рысбек (Алматы обл.)

2. Нұрдәулет Жарманов (Ақмола обл.)

3. Әли Ахметов (Алматы обл.) және Нұрбол Алтаев (ОҚО)

91 келі

1. Алмат Серімов (Ақмола обл.)

2. Асқар Абдуллаев (ОҚО)

3. Арбек Әбдуғаниев (Алматы обл.) және Мұхамеджан Еркін (ОҚО)

+91 келі

1. Руслан Мырсатаев (Алматы обл.)

2. Нұржан Бекзатов (ОҚО)

3. Қамшыбек Қоңқабаев (Қызылорда обл.) және Евгений Егембердиев

Сурет: confederation.kz