АТР жылдың үздік кездесуін анықтады

О Сансызбай Корреспондент
АТР жылдың үздік кездесуін анықтады

Кәсіби теннисшілер қауымдастығы (АТР) 2014 жылдың «Үлкен дулыға» санатына енбейтін турнирлеріндегі ең үздік кездесулер рейтингін жариялады.  Бұл туралы ресми сайтында хабарлады.

БӨЛІСУ

Лондонда өткен жылдың қорытынды турниріндегі швейцариялық теннисшілер Роджер Федерер мен Станислас Вавринка ойыны жылдың үздік кездесуі болып танылды. Жартылай финалдағы тартыста алғашқысы 4:6, 7:5, 7:6 (8:6) нәтижелерімен жеңіске жеткен болатын.

Екінші орыннан Мадридтегі турнирдің жартылай финалындағы жапон Кей Нисикори мен испандық Давид Феррер кездесуі көрінді. Ол ойында «күншығыс елінің» теннисшісі 7:6 (7:5), 5:7, 6:3 нәтижелерімен басым түскен еді. Ал үштікті Рио-де-Жанейродағы турнирдің жартылай финалындағы испандық теннисшілер Рафаэль Надаль мен Пабло Андухар кездесуі қорытындылады.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін кәсіби теннисшілер қауымдастығы (АТР) 2014 жылғы «Үлкен дулыға» санатындағы жарыстардың ең үздік кездесулерін анықтаған-ды. Жылдың ең үздік ойыны ретінде «Уимблдон» турнирінің финалындағы Новак Джокович пен Роджер Федерер ойыны таңдалған еді. 

Сурет: sports.ru