«Алтын доптан» басты үміткер 3 футболшы белгілі болды

О Сансызбай Корреспондент
«Алтын доптан» басты үміткер 3 футболшы белгілі болды

Халықаралық футбол қауымдастықтары одағы (ФИФА) «Алтын допқа» үміткер футболшылардың есімін жариялады. Бұл туралы ресми сайтында хабарлап отыр.

БӨЛІСУ

Осыған дейін белгілі болған 23 футболшының ішінен 3 ойыншы суырылып шықты. Олар: Криштиану Роналду («Реал»), Лионель Месси («Барселона») және Мануэль Нойер («Бавария»).

2014 жылдың «Алтын доп» иегері 2015 жылдың 12 қаңтарында Цюрихте өтетін салтанатты кеште анықталатын болады. Өткен жылы бұл марапат Криштиану Роналдуға бұйырса, оған дейін 4 жыл қатарынан Лионель Месси «Алтын допты» ешкімге бермеген еді. 

Cурет: өңделген