Зарина жаңа жетістігімен жанкүйерлерін қуантты

О Сансызбай Корреспондент
Зарина жаңа жетістігімен жанкүйерлерін қуантты

Қазақстандық теннисші Зарина Диас жаңарған WTA рейтингінде бір саты жоғарылап, 33-ші орынға көтерілді.

БӨЛІСУ

20 жастағы спортшы осыған дейін 2014 жылға құрған жоспарындағы жарыстарды аяқтағанын хабарлаған еді. 1371 ұпаймен Зарина жаңа рейтингте 33-ші орыннан көрініп, WTA сатысында спорттық мансабындағы ең жоғарғы көрсеткішіне қол жеткізді.

Сонымен қатар, қазақстандық теннисшілер Ярослава Шведова мен Юлия Путинцева да көрсеткіштері де жоғарылаған. Алғашқысы 65-ші орыннан көрінсе, соңғысы 109-шы орынға табан тіреді. Ал Галина Воскобоева болса 261-ші орынға сырғыды.

WTA рейтингінің алғашқы ондығы:

1 (1). Серена Уильямс (АҚШ) - 8485 ұпай,

2 (2). Мария Шарапова (Ресей) - 7050,

3 (3). Симона Халеп (Румыния) - 6292,

4 (4). Петра Квитова (Чехия) - 5966,

5 (5). Ана Иванович (Сербия) - 4820,

6 (6). Агнешка Радваньска (Польша) - 4810,

7 (7). Эжени Бушар (Канада) - 4715,

8 (8). Каролина Возняцки (Дания) - 4625,

9 (10). Ангелик Кербер (Германия) - 3480

10 (11). Доминика Цибулкова (Словакия) - 3052.

Жақша ішіндегі өткен рейтингтегі нәтижелері

Сурет:blvd.kz