«Алтын допқа» үміткерлер белгілі болды

О Сансызбай Корреспондент
«Алтын допқа» үміткерлер белгілі болды

Халықаралық футбол қауымдастықтары одағы (ФИФА) «Алтын допқа» үміткер футболшылардың есімін жариялады. Бұл туралы ресми сайтында хабарлап отыр.

БӨЛІСУ

Бұл құрметті атаққа үміткерлер қатарына мюнхендік «Бавария» мен мадридтік «Реал» қатарынан 6 футболшыдан енген. Тізімге Хосеп Гвардиола жаттықтыратын командадан Мануэль Нойер, Марио Гетце, Филипп Лам, Томас Мюллер, Арьен Роббен және Бастиан Швайнштайгер енсе, «корольдік клубтан» Криштиану Роналду, Хамес Родригес, Гарет Бэйл, Карим Бензема, Тони Кроос және Серхио Рамос есімдері аталып отыр.

Сонымен қатар, үміткерлер қатарына Диего Коста, Тибо Куртуа, Эден Азар (үшеуі де - "Челси"), Анхель Ди Мария ("Манчестер Юнайтед"), Златан Ибрагимович ("Пари Сен-Жермен"), Яя Туре ("Манчестер Сити"), Поль Погба ("Ювентус"), Андреас Иньеста, Хавьер Маскерано, Лионель Месси, Неймар (барлығы - "Барселона") енген.

Аталған футболшылардың арасынан басты үміткер үш ойыншының есімі 1 желтоқсан белгілі болады. Ал 2014 жылдың «Алтын доп» иегері 2015 жылдың 12 қаңтарында Цюрихте өтетін салтанатты кеште анықталатын болады.

Сурет: sports.ru