Пара Азия ойындарында Қазақстан екі саты жоғарылады

О Сансызбай Корреспондент
Пара Азия ойындарында Қазақстан екі саты жоғарылады

Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында өтіп жатқан Пара Азия ойындарының үшінші күні мәресіне жетті. Бүгін еліміздің қоржынына 2 алтын 1 қола жүлде түсті.

БӨЛІСУ

Кеше 100 метр қашықтықтықты шалқалай жүзу әдісінде Әнуар Ахметов алтын жүлде жеңіп алса, бүгін отандасымыз 200 метрде қашықтықта Азия рекордын орнатты. Нәтижесінде Пара Азия ойындарындағы жеңіп алған жүлделерінің санын арттырды. Осыған дейін 1 алтынмен қоса 3 күміс медаль еншілеген болатын. Сонымен қатар, бүгін Андрей Афанасьев қола жүлде жеңіп алды.

Қазақстан қоржынына түскен үшінші алтын медальды да суда жүзу спортынан бақ сынаған жерлесіміз иеленді. 400 метрге еркін жүзу әдісінде Дмитрий Ли топ жарды. Нәтижесінде Қазақстан құрамасы 3 алтын 5 күміс 6 қола жүлдемен 12-ші орынға көтерілді.

Сурет: vesti.kz