Красножан: Жігіттерге сенімділік жетіспей келеді

О Сансызбай Корреспондент
Красножан: Жігіттерге сенімділік жетіспей келеді

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Юрий Красножан ойын соңынан тілшілер сұрақтарына жауап берді.

БӨЛІСУ

- Бүгінгі ойын туралы не айтасыз?

- Біз ойынды аса сәтті бастамадық. Оның үстіне күтпеген жерден гол жіберіп алдық. Бір жағынан бұл ойыншыларымыздың гол соғуға ұмтылуына да септігін тигізді. Жігіттер жақсы өнер көрсетті. Бірақ, нәтиже қонақтар пайдасында. Өкінішті болса да, біз өз қателіктерімізді әлі түзейтін боламыз.

- Осыған дейін әлеуеті жоғары құрамалардан ойсырай жеңілетін едік. Қазір терезесі тең қарсыласып отырмыз. Бұл ел футболының жаңа деңгейге көтерілгені ме?

- Үлкен қуаныш емес. Бірақ, салыстыра қарағанда өрлеу бары рас. Бірақ, біздің ойыншыларға өздеріне сенімділік жетіспей келеді.

- Бүгін қақпаға Александр Мокин тұрғандай басқаша болар ма еді? Қалай ойлайсыз?

- Кесіп айту мүмкін емес. Біз ойын жүйесіне сай қақпашыны таңдауға тырыстық.

Автор: Өмірбек Сансызбай

Сурет: @massaget.kz