Чехтар шеберліктерін танытып кетті

О Сансызбай Корреспондент
Чехтар шеберліктерін танытып кетті

Футболдан 2016 жылы өтетін Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңі аясында Қазақстан ұлттық құрамасы Чехия құрамасына есе жіберіп алды. Есепте қонақтар алға озып кетті демесеңіз, отандастарымыз қарсыластарымен терезесі тең түрде қарсыласа білді.

БӨЛІСУ

Қазақстан құрамасы бірінші таймда сылбырлық танытпағанда, жағдай мүлде басқаша болар ма еді? Бірақ, Бауыржан Исламхан бастаған жігіттер барын салып бақты. Шабуыл шебіндегі Сергей Хижниченко мен Танат Нөсербаев өз мүмкіндіктерін толықтай пайдалана алмады. Егер пайаланып кеткенде, айымыз оңынан туып қалар ма еді. Екінші таймда Ұлан Қонысбаевтың алаңға шығуымен Қазақстан құрамасының шабуылдағы қарқыны үдей түсті. "Шахтер" шабуылшысы тыңннан кіріп, соңына дейін талас жүргізумен болды. Cтандартты жағдай құрамамыздың басты қаруына айналып келеді. Мұны соңғы екі ойындағы кездесулерден-ақ байқауға болады. Ал ойындағы статистика көрсеткіші төмендегідей:

Доп ұстау басымдығы: 49% — 51%
Соққылар: 15 — 11
Қақпаға дәл соққы: 5 — 5
Қақпадан қиыс соққы: 10 — 2
Фолдар: 14 — 8
Офсайдтар: 3 — 4
Бұрыштама добы: 2 — 2
Сары қағаз: 3 — 1
Oйыншы алмастыру: 3 — 3.  

Қазақстан — Чехия 2:4 (0:2)
Голдар:
 Дочкал 13 (0:1), Лафата 44 (0:2), Крейчи 56 (0:3), Логвиненко 84 (1:3), Нецид 88 (1:4), Логвиненко 91 (2:4)
Ескертулер: Тағыберген 27, Нөсербаев 53, Шомко 76 — Коларж 31
Қазақстан: Сидельников, Воротников, Абдулин, Мирошниченко (Бейсебеков 83), Логвиненко, Карпович (Конысбаев 58), Исламхан, Тағыберген, Нөсербаев (к), Шомко, Хижниченко (Нұрғалиев 70)
Чехия: Чех (к), Кадержабек, Кадлец, Сивок (Прохазка 81), Лимберски, Дочкал, Коларж, Ваха, Крейчи (Пиларж 69), Дарида, Лафата (Нецид 79)
Бас қазы: Маттиас Гестраниус (Финляндия)
13 қазан. Астана. «Астана Арена». 

Ойынның жазба нұсқасы

"Астана-Арена" стадионында 2016 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңі аясындағы Қазақстан мен Чехия құрамалары арасындағы ойын аяқталды. Есеп 2:4. Қонақтар пайдасында!

Командалар құрамы мен алаңдағы орны

2 минут. Қос команда ойын жоғары қарқынмен бастады

4 минут. Андрей Карпович ауызша ескерту алды

7 минут. Ойында қауіпті сәт әлі орын алған жоқ. Андрей Сидельников әріптесі Андрей Карповичке дөрекі ойнамау туралы ақыл берді.

12 минут. Чехия құрамасы алға озды. Гол авторы - Дочкал. 

Жанкүйерлер саны сәт санап арта түсуде

15 минут. Хижниченко соққысы Чех қолынан табылды.

21 минут. Павел Брва шәкірттері сәтті қорғанып қана қоймай, допты өз иеліктерінде ұстай да білуде.

25 минут. Қонақтар стандартты жағдайды сәтті пайдалануға ұмтылуда.

27 минут. Асхат Тағыберген сары қағаз алды. Қонақтар шабуылын үдете түсуде. Қазақстан қарымта шабуыл жасауға талпынып жүр.

30 минут. Фин төрешісі тарапынан қонақтар  ойыншысы Даниэль Коларж сары қағаз алды. 

33 минут. Чех футболшылары Қазақстан қақпасына гол соққан. Бірақ қапталдағы төреші өз жалаушасын көтерді. Офсайд! Қонақтар допқа иелік етуде.

38 минут. Сергей Хижниченко өз сәтін пайдалана алмады. Бұл шабуылда Танат пен Бауыржан, және Дмитрий Шомко сәтті өнер көрсете білді.

Чех қақпасы алдында екі рет қауіпті сәт орын алды

44 минут. Гоооол. Чехтар екі доп басымдығына ие болды. Гол авторы - Давид Лафата!

45 минут. Бірінші тайм аяқталды. Есеп 0:2.

46 минут. Екінші тайм басталды

Қазақстан құрамасы қарсыластарын күтуде

48 минут. Чехия құрамасы допқа иелік ету басымдығына ие болуда. Бұл көрсеткіште де қарсыластар алда. 45% - 55%.

53 минут. Төрешімен сөз таластырғаны үшін Танат Нөсербаев сары қағаз алды.

55 минут. Асхат Тағыберген соққысы қақпадан сәл ғана қиыс кетті

56 минут. Гоооол! Чехия құрамасы үш доп басымдығына ие болды. Гол авторы-Лукаш.

57 минут. Андрей Карповичтің орнына Ұлан Қонысбаев шықты.

Жергілікті жанкүйерлер Мокин! Мокин!Мокин! - деп айқайлауда!

61 минут. Ұланның соққысы қақпадан аз ғана қиыс кетті. Оның ойынға шығуымен шабуыл шебіне жан кіргендей. 

65 минут. Танат Нөсербаевтың тамаша пасын Сергей Хижниченко сәтті пайдалана алмады. Бұл сәтте Петр Чех дәрменсіз болатын.

69 минут. Өз сәттерін сәтті пайдалана алмаған Сергейдің орнына Азат Нұрғалиев кірді. Қонақтар да ойыншы алмастырды.

75 минут. Танат қақпаны дәл көздей алмады. Әйтпесе әріптесінен тамаша пас алған еді. Қазақстан құрамасы соңғы сәтте қонақтар қақпасына қауіпті сәттер тудыра білуде.

79 минут. Қазақстан қақпасына екінші голды соққан Лафатаның орнына Томаш Нецид кірді.

81 минут. Қонақтар үш ойыншы алмастырып үлгерді.

85 минут. Гооооооол! Қазақстан құрамасы ойындағы есепті қысқартты. Гол авторы - Юрий Логвиненко! Есеп 1:3

Чех қақпасына соғылған гол!

88 минут. Гоооол! Қонақтар үш доп басымдығын қайта қайтарып алды. Гол авторы - Томаш Нецид!

90 минут. Гооооол! Юрий Логвиненко дубль авторы! Есеп 2:4.

Ойынға 3 минут қосылды!

90+3 минут. Осымен бүгінгі ойын аяқталды. Чехтар шеберліктерін танытып кетті. Тартысты кездесу өткізген отандастарымызға сәттілік тілейміз! Жеңісті күндерде жолыққанша!

Автор: Өмірбек Сансызбай

Сурет:@massaget.kz, sportinfo.kz