Гран-При. Әсет пен Максим финалға шықты

О Сансызбай Корреспондент
Гран-При. Әсет пен Максим финалға шықты

Дзюдодан Астана қаласында өтіп жатқан әлемдік Гран-Приде қос бірдей отандасымыз Әсет Ахметжанов пен Максим Раков финалға шықты, - деп хабарлайды massaget.kz тілшісі.

БӨЛІСУ

90 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Әсет Ахметжанов намысты қолдан бермеді. Жарақатына байланысты Болат Тимурды алмастырған дзюдошымыз жаңа қырынан танылды десек болады. Өйткені, Әсетті көпшілік финалдан көреміз деп ойламаған еді. Ол бірінші белдесуінде мажар елінен келген Гавор Верді, екінші айналымда египеттік Хатем Велакбарды, ширек финалда  ресейлік Хусен Қалмурзаевтан басым түсті. Ал жартылай финалда украиналық Кведжау Нхабалиға мықтылығын танытты. Алтын медальды тәжік дзюдошысы Устоприен Камроншомен сарапқа салады.

100 келіге дейінгі салмақта Максим Раков қарсыластарын айқын басымдықпен жеңді. Жартылай финалда ғана Рамадан Дарвиш қарсылық танытқан. Бірақ, адуынды отандасымызға қарсы әдіс ойлап таба алмады. Финалда жерлесіміз неміс Дмитрий Петерспен кездеседі.

Айта кетейік, қазіргі таңда Қазақстан құрамасының қоржынында 1 алтын 1 күміс 2 қола жүлде бар. Алғашқы үш жүлде еншімізге кеше бұйырған болатын. 60 келіге дейінгі салмақта Елдос Сметов топ жарса, 66 келі салмақ дәрежесіне дейін өнер көрсеткен Жансай Смағұлов күміс жүлдені қанағат тұтқан-ды. Тағы бір қола Асхат Телмановқа (60 келі) бұйырған еді.

Автор: Өмірбек Сансызбай

Сурет: @massaget.kz