Қызылордада жаңа стадион бой көтереді

О Сансызбай Корреспондент
Қызылордада жаңа стадион бой көтереді

Алдағы бірер жылдың жүзінде қызылордалық «Қайсар» футбол клубы жаңа стадионда өнер көрсететін болады. Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының бастығы Садық Мұстафаевтың айтуынша, заманауи үлгідегі футбол алаңы Сырдарияның жағалауынан бой көтермек.

БӨЛІСУ

Стадионның құрылысы 2016 жылы басталады. Бір мезетте 12 000 жанкүйер кіре алатын алаң жергілікті «Қайсар» футбол клубының иелігіне берілмек. Ал қазіргі Дмитрий Огай шәкірттері өнер көрсетіп жүрген Ғани Мұратбаев атындағы орталық стадион қызылордалық екінші бір клуб «Байқоңырға» беріледі. Ал жаңадан құрылысы басталатын стадионның маңына 3 табиғи шөптен жасалған кіші алаң, үшеуіне жасанды шөп төселеді.

Естеріңізге сала кетсек, 2016 жылы «Ақтөбе» футбол клубына да арналып жаңа стадион салынатыны белгілі болған еді. 2015 жылы жоспары толық белгілі болатын футбол алаңы 32 000 жанкүйерге арналып салынады деп күтілуде. Сонымен қатар, қарағандылық «Шахтер» командасы да алдағы жылдары жаңа стадионда өнер көрсетуі мүмкін. 

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: vk.com