Денис Тен «All That Sports» компаниясымен серіктес болды

О Сансызбай Корреспондент
Денис Тен «All That Sports» компаниясымен серіктес болды

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы, Сочи Олимпиадасының қола жүлдегері Денис Тен Instagram әлеуметтік желісінде спорттық менеджментпен айналысатын танымал «All That Sports» компаниясымен серіктес болғанын хабарлады.

БӨЛІСУ

- Мен ресми түрде «All That Sports» Co. LTD. компаниясымен серіктес болғаныма қуаныштымын. Ұзақ уақыттан бері қандай компаниямен серіктес болуды ойлап келген болатынмын. Енді өз қалауыммен компанияның командасына қосылдым. Компания мәнерлеп сырғанау спортындағы ең танымал спортшы Ким Ю На мен анасы Парк жобасы негізінде құрылған. Меніңше, біздің серіктес болуымыз өз жемісін беріп, жағымды тұстарымен қуантады деп ойлаймын, - деген спортшы.

Естеріңізге сала кетсек, бұл қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен мен оңтүстік кореялық спортшы арасындағы алғашқы серіктестік емес. Осыған дейін отандасымыз Ким Ю Наның спорттық мансабын аяқтағандағы қоштасу кешінде де өнер көрсетіп қайтқан болатын. «All That Sports» компаниясы әлемнің үздік мәнерлеп сырғанау спортының майталмандарымен бірлесе отырып, әр елде шоу-қойылымдарын ұйымдастырумен айналысады.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: sb-deluxe.kz