Зарина Диас 4 тамыз күні Қазақстанның бірінші ракеткасы атанады

Нұржігіт Айдархан Корреспондент
Зарина Диас 4 тамыз күні Қазақстанның бірінші ракеткасы атанады

Қазақстандық теннисші Зарина Диас АҚШ-тың Вашингтон қаласында өткен WTA  сериялы теннис турнирін аяқтады.

БӨЛІСУ

Жерлесіміз 1/8 финалда жапониялық теннисші Куруми Нароймен кездесіп, 6:3, 2:6, 0:4 есебімен есе жіберді. Зарина соңғы сетте жарақат алып, ойынды ерте аяқтауға мәжбүр болды. Алайда, Зарина бірінші кезеңде америкалық теннисші Торнадо Алисия Блэктан басым түсіп (6:4, 6:0), аса маңызды ұпайға ие болған еді. Бұл жеңістің арқасында ол қазақстандық бірінші ракетка Ярослава Шведованы басып озды.

Жиырма жастағы қазақ қызы 4 тамыз күні түзілетін WTA рейтингінде Қазақстанның бірінші ракеткасы атанатын болады.

Естеріңізге сала кетсек, 28 шілде күні Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) әлемдегі үздік теннисшілер рейтингін жаңартқан болатын. Ол рейтингте Зарина Диас 53-ші сатыда болса, Ярослава Шведова 52-ші орында тұр. 28 шілде күнгі рейтингпен мына жерден таныса аласыздар.

Дайындаған: Нұржігіт Айдархан

Сурет: allboxing.ru