Денис Тенге қызыл диплом табыс етілді

Ардақ Құлтай Корреспондент
Денис Тенге қызыл диплом табыс етілді

Бүгін Қазақтың спорт және туризм академиясы Сочи Қысқы Олимпиада ойынының қола жүлдегері Денис Тенге қызыл диплом табыс етті. Бұл туралы Денис Тен өзінің twitter әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында жазды.

БӨЛІСУ


«Бүгін қазақтың спорт және туризм академиясы ресми түрде қызыл диплом табыс етті. Менің дамуыма қолдау білдіріп жатқан ұстаздарыма рақмет айтамын!» деп жазды Денис. Денис Тен 100 балдық сынақтан 98 балл жинаған.

Естеріңізге сала кетейік, Денис Тен қысқы Олимпиада ойындарынан кейін «Құрмет» орденімен марапатталған. Сонымен қатар Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов Chevrolet Cruze көлігінің кілтін табыстаған болатын. Спорт және дене шынықтыру мәдениеті агенттігі ұйымдастырған «Жыл спортшысы» байқауында «Жыл серпілісі» номинациясын иеленген.

Еліміздің намысын қорғап, көк туымызды әлемдік деңгейде желбіретіп жүрген жас спортшыға білім жолында да табыстарың көп болсын дейміз!

Оқи отырыңыз: 

Денис Тен ҚБТУ студенті атанды

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: sport.mail.ru