Зарина Диас ширек финалға өтті

О Сансызбай Корреспондент
Зарина Диас ширек финалға өтті

Қазақстандық теннисші Зарина Диас Франция жерінде өтіп жатқан WTA сериясы аясындағы «Internationaux de Strasbourg» турнирінің ширек финалына шықты. Жаңа ғана жерлесіміз хорват теннисшісі Айло Томляновичтен басым түсті.

БӨЛІСУ

Алғашқы айналымда Зарина әлемнің 22-ші ракеткасы саналатын бельгиялық Кирстен Флипкенсті жеңген болатын. Екінші айналымда WTA рейтингінде 71-ші орында тұрған Айло Томляновичпен жолы түйісті. Алғашқы сетте 20 жастағы теннисшіміз 6:4 есебімен жеңіске жетті. Екінші сетті де басымдықпен бастады. 3:0 есебімен жеңіп тұрып, аздап босаңсыған Зарина қарсыластың есепті теңестіруіне жол беріп қойды. Нәтижесінде тай-брейк тартысында жерлесіміз 7:4 есебімен қарсыласына басымдығын танытты. Әзірге, соңғы жаңарған WTA рейтингінде қазақстандық теннисші 96-шы орында келеді. Енді ширек финалда америкалық теннисші Кристина МакХэйлмен кездесетін болады.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: sports.kz