Қазақстан құрамасы екінші ұпайына қол жеткізді

Нұржігіт Айдархан Корреспондент
Қазақстан құрамасы екінші ұпайына қол жеткізді

Хоккейден Беларусь астанасы Минскіде өтіп жатқан Әлем чемпионатының бесінші кездесуінде Қазақстан ерлер құрамасы АҚШ құрамасынан қосымша уақытта жеңіліс тапты. "Минск-Аренa" мұзайдынында өткен кездесу 4:3 есебімен АҚШ құрамасының пайдасына шешілді.

БӨЛІСУ

Ойынның негізгі уақыты 3:3 есебімен тең аяқталды. 15-минутта Роман Старченко есеп ашып, Қазақстан құрамасын алға шығарған болатын. Алайда бірінші кезеңнің 19 минутында Крэйг Смит таразы басын теңестіріп кетті. Екінші кезеңде жерлестеріміз тағы да алға шықты. Бұл жолы Константин Романов көзге түсті. Көп ұзамай АҚШ құрамасынан Сэт Джонс есепті теңестірді. Одан кейін Мэтт Донован соққан шайбаның арқасында АҚШ құрамасы алға шықты. Үшінші кезеңнің соңғы бөлігінде Қазақстан құрамасы Роман Старченконың көмегімен есепті 3:3-ке жеткізді. Алайда қосымша уақытта Сэт Джонс АҚШ құрамасына жеңіс сыйлады.

Бұл ойыннан кейін "В" тобында соңғы орында келе жатқан Қазақстан құрамасының қоржынына екінші ұпай түсті. Жерлестеріміз бүгін Швейцария хоккейшілерімен кездеседі.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін жерлестеріміз, Германия құрамасынан буллит сериясында (1:2), Беларусь құрамасынан (1:4), Латвия (4:5) және Ресей (2:7) құрамаларынан жеңілген болатын.

Дайындаған: Нұржігіт Айдархан

Сурет: vesti.kz

Ұқсас жазбалар: 

Қазақстан төртінші рет жеңіліске ұшырады

Қазақстан құрамасы айдын иелерінен жеңілді

Қазақстан Германиядан бір ұпай еншіледі