Қазақстан төртінші рет жеңіліске ұшырады

О Сансызбай Корреспондент
Қазақстан төртінші рет жеңіліске ұшырады

Шайбалы хоккейден Беларусь астанасы Минскіде өтіп жатқан Әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы Ресей хоккейшілерінен ірі есеппен ұтылды.

БӨЛІСУ

Алғашқы кезеңде Қазақстан қақпасын қорғаған Алексей Ивановтан Сергей Плотников айласын асырды. Бұл сәтте Ари Пекка-Селин шәкірттері аз құрамда болды. Екінші кезеңде Егор Яковлев, Николай Кулемин мен Данис Зарипов бір-бір шайбадан еншісіне жазды. Үшінші кезеңді де ресейліктер басымдықпен бастады. Алайда жерлестеріміздің қатарынан Михаил Паньшин мен Андрей Спиридонов есепті қысқартқан-ды. Ойын соңына қарай Сергей Плотников екінші голын соғып, Александр Бурмистров 7:2 есебімен ойынның соңғы нәтижесін тіркеді. Осылайша Қазақстан құрамасы төртінші ойын қатарынан жеңіліс тапты. Енді жерлестеріміз мұз айдында 16 мамыр күні АҚШ құрамасымен кездесетін болады.

 Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: vk.com