"Атлетико" финалға шықты!

Ла Лига Корреспондент
"Атлетико" финалға шықты!

Чемпиондар Лигасының жартылай финалдық кездесуі өтті. Лондондық "Челси" өз алаңында мадридтік "Атлетиконы" қабылдаған болатын.

БӨЛІСУ

Қарымта кездесу мадридтік команданың жеңісімен аяқталды. Диего Симеоненің шәкірттері "ақсүйектерді" 3:1 есебімен жеңу арқылы, кәрі құрлықтың ең ірі додасының финалына шығып отыр. Енді мадридтік команда "Реалмен" кездесетін болды. 

Қос ұжым қарымта кездесуде көрермен қызығарлық тамаша ойын өрнегін көрсете алды. 

Голдар:

Торрес 36-минут

Адриан 44

Диего Коста 60

Тұран 72

Бас қазы: Никола Риццоли

30 сәуір, 2014

"Stamford Bridge" стадионы

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: eurosport.ru