Еуропа лигасы. Қонақтар жеңілген күн

О Сансызбай Корреспондент
Еуропа лигасы. Қонақтар жеңілген күн

Футболдан Еуропа лигасы жартылай финалының алғашқы кездесулері аяқталды. Назарларыңызға ойындардың нәтижелерін ұсынамыз.

БӨЛІСУ

«Бенфика» (Португалия) 2 – 1 «Ювентус» (Италия)


Лиссабондық команда өз алаңында финалға жақындай түсудің жолын іздеді. Алғашқы бұрыштама добынан кейін-ақ Эйсекиель Гарай есеп ашты. 74 минутта көптен бері көп гол соқпай жүрген Карлос Тевес таразы басын теңестірді. Алайда алаң иелері бұл есепке қанағаттанбай, 83 минутта екінші голдарын қонақтар қақпасы торында тулатты. Енді қарымта кездесу 1 мамыр күні Туринде өтеді.

«Севилья» (Испания) 2 – 0 «Валенсия» (Испания)


Испандық командалар арасындағы тартыс та қызықты әрі тартысты өтті. Алғашқы таймда қонақтар қақпасына соғылған екі гол «Севильяға» жеңіс сыйлады. Иван Ракитич бастаған жігіттер ақтық сынға нық қадам жасады десек болады. Бірақ, «Валенсияның» да өз алаңында айтары барын ұмытпаған жөн. Ширек финалда «Базельден» түзде 3:0 есебімен ұтылып, «Местальяда» 5:0 есебімен жеңген болатын. Қарымта кездесу 1 мамыр күні өтеді.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет:sports.ru