Еуропа Лигасы. Шешуші кездесулер

Ла Лига Корреспондент
Еуропа Лигасы. Шешуші кездесулер

Бүгін түнде Еуропа Лигасының ширек финалдық кездесулері өтеді.

БӨЛІСУ

Бірінші кездесуде жеңіске жеткен туриндік «Ювентус» француздың «Лион» командасын қабылдаса, швейцариялық «Базель» 3 доп есеп айырмасымен сырт алаңда «Валенсияға» қарсы тұрады. Португалдық «Бенфика» Лиссабон төрінде нидерландық «АЗ Алкмармен» кездессе, испандық «Севилья» өз алаңында португалдық «Портумен» жолығысады.

Барлық жолығысу Астана уақытымен сағат 01:05-те басталады.

Еуропа Лигасы, ширек финал, қарымта ойындар

«Ювентус» (Италия) – «Лион» (Франция) – 01:05 (бірінші ойын 1:0)

«Севилья» (Испания) – «Порту» (Португалия) – 01:05 (бірінші ойын 0:1)

«Бенфика» (Португалия) – «АЗ Алкмар» (Нидерланды) – 01:05 (бірінші ойын 1:0)

«Валенсия» (Испания) – «Базель» (Швейцария) – 01:05 (бірінші ойын - 0:3)

Дайындаған: Әкежан Дәкен

Сурет: mytivi.fr