Ренан Брессан "Астанаға" ауысты

О Сансызбай Корреспондент
Ренан Брессан "Астанаға" ауысты

Беларуссия ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Ренан Брессан спорттық мансабын елордалық "Астана" командасында жалғастыратын болды. Бұл туралы sports.kz сайты хабарлап отыр. 

БӨЛІСУ

Ресейлік "Алания" командасынан "Ақтөбеге" ауысқан футболшының жақында Владимир Никитенко командасымен келісімшартын бұзғаны туралы хабарлаған болатынбыз. Алайда футболшы Қазақстан премьер-лигасынан аулақтап кете қойған жоқ. Өткен маусымдағы ел премьер-лигасының күміс жүлдегері "Астана" футбол командасымен екіжылдық келісімшартқа қол қойды. 

Естеріңізге сала кетсек, Ренан Брессан өткен маусымда владикавказдық «Аланияда» ойнаған. Жалақының дұрыс берілмеуі салдарынан футболшы командамен келісімшартын бұзған еді. 2012 жылы өз елінің үздік футболшысы болып танылған да болатын. Сонымен қатар, Қазақстандағы ең қымбат футболшылардың көшін бастап тұр.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: s5o.ru