Қазақстан жастар құрамасы ширек финалға шықты

О Сансызбай Корреспондент
Қазақстан жастар құрамасы ширек финалға шықты

Футболдан Санкт-Петербургтегі «Достастық кубогы-2014» халықаралық турниріне қатысып жатқан Қазақстан жастар құрамасы ширек финалға жолдама алды.

БӨЛІСУ

Үшінші  кездесуін Латвия жастарымен өткізген Саулюс Ширмялис шәкірттері жеңіске жетуді көздеп шықты. Шабуылды барынша үдеткенімен, шешуші сәтте сәттілік жетіспеумен болды. Ойын аяқталуына 10 минут қалғанда қарсыластар қақпасына доп та тоғытқан болатын. Алайда төреші оффсайд болғанын анықтап, голды есептемеді. Кездесу 0:0 есебімен аяқталды. Қазақстан жастары қатарынан үздік ойын өрнегін жақында ғана семейлік «Спартак» сапынан «Атырауға» ауысқан қорғаушы Григорий Сартаков көрсетті.

«С» тобында бақ сынаған жерлестеріміз 4 ұпай жинап плей-офф кезеңіне шығуға мүмкіндік алды. Ал дәл қазіргі уақытта Беларуссия жастары Мәскеу құрамасымен кездесу өткізіп, 1:0 есебімен жеңіске жетуде. Егер жеңіліс тапса, жерлестеріміздің екінші орынға шығуына мүмкіндік бар. Ширек финалдағы жерлестеріміздің қарсыласы алдағы уақытта белгілі болады.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: sports.kz