Ел футболындағы соңғы жаңалықтар

О Сансызбай Корреспондент
Ел футболындағы соңғы жаңалықтар

Аслан Дарабаев «Қайрат» сапын толықтырды

БӨЛІСУ


Қазақстан жастар құрамасының және «Шахтер», «Ақтөбе» және «Атырау» футбол клубтарының экс-ойыншысы Аслан Дарабаев алматылық «Қайрат» командасының сапын толықтырды.

24 жастағы жартылай қорғаушы Қарағанды футбол мектебінің түлегі болып табылады. Кәсіпқой футболдағы алғашқы командасы да – «Шахтер». 2009 жылы қарағандылық командамен бірге ел біріншілігінің қола жүлдесіне қол жеткізді. 2010 жылы «Ақтөбемен» бірге күмісті еншілесе, 2013 жылы «Шахтермен» ел Кубогын иеленді.

«Тобыл» жаңа ойыншымен толықты


Қостанайдың «Тобыл» командасы Черногория ұлттық құрамасының футболшысы Митар Новаковичпен екіжылдық келісімшартқа қол қойды. Бұл туралы клубтың ресми сайты хабарлап отыр.

Өз елінің «Звездар», «Борча», «Чукаричек», «Железника» және «Рада» футбол клубтарында өнер көрсеткен. Сербияның «ОФК», сосын ресейлік «Амкар» сапында ойнаған. Осыған дейін Сербия және Черногория жастар құрамасымен Еуропаның күміс жүлдесін еншілеген. Енді 32 жастағы жартылай қорғаушы Қазақстанда доп тебуді жөн санапты.

Родионов «Жетісуда» ойнауы мүмкін


28 жастағы «Атырау» футбол клубының түлегі Денис Родионов талдықорғандық «Жетісумен» оқу-жаттығу жиындарын жүргізіп жүр. Футболшы осыған дейін аталған клубта 2009/2010 жылғы маусымда ойнаған болатын. 18 рет алаңға шығып, 1 допты қарсылас қақпасына тоғытқан. Кейіннен «Алматы», соңынан «Атыраудың» негізгі құрам ойыншыларының бірі болды. Ұлттық құрама сапында 13 кездесу, 1 гол соққан.

Ал сонымен қатар:

  • "Атырау" футбол клубының тағы бір ойыншысы Бейбіт Тәтішев "Жетісумен" жаттығуда.
  • Виктор Кумыков Аслан Дарабаевты "туған қаласының клубын тастап кетті" деп мәлімдеді.
  • 24 жасар "Оқжетпес" қорғаушысы Олжас Керімжанов Қызылорданың "Қайсар" командасының оқу-жаттығу жиынына шақырылды.
  • "Тобыл" тағы да бір жаңа ойыншымен толықты. Бұл да Черногория құрамасының белді футболшыларының бірі - Андрия Делибашич.
  • «Қайрат» футболшысы Олег Недашковкий «Таразға» ауысса, тараздық Шерхан Бауыржан «Қайраттың» сапын толықтырды.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: sports.kz, vesti.kz