Қысқы Универсиада қорытындысы

О Сансызбай Корреспондент
Қысқы Универсиада қорытындысы

Италияның Трентино қаласында өткен Қысқы Универсиада да мәресіне жетті. Қазақстан құрамасы барлығы 5 жүлде иеленіп, бейресми командалық есепте 15-ші орынды қанағат тұтты.

БӨЛІСУ

Қазақстан құрамасы 2 алтын, 2 күміс, 1 қола жүлдені еншіледі. Ел қоржынына соңғы болып жүлдені Владимир Плющев баптайтын хоккейшілеріміз салды. Ал оған дейін Татьяна Осипова мен шаңғыдан ерлер құрамасы атыннан алқа тақса, Марк Старостин мен хоккейшілеріміз күміс, шаңғышы қыздар құрамасы қола жүлдені иеленген еді.

Қысқы Универсиадада барлық спорт түрінен жүлделер жиынтығы бойынша Ресей құрамасы көш бастады. Олар 15 алтын, 16 күміс, 19 қола жүлдені қоржындарына салып қайтты. Екінші орын Польша ( 10 алтын, 10 күміс, 3 қола) құрамасына бұйырса, үшінші орынды Оңтүстік Корея ( 8 алтын, 9 күміс, 7 қола) елі иеленді.

Италия жерінде өткен Қысқы Универсиададағы спортшыларымыздың бұл нәтижесі ауыз толтырып айтарлықтай дәрежеде емес. Естеріңізге сала кетсек, 2005 жылы Инсбургте өткен додада Қазақстан құрамасы 4 алтын алған болатын. Ал екі алтынды 1995, 2003 және 2007 жылдардағы Универсиадада еншілеген еді. Келесі Қысқы Универсиада 2015 жылы Испанияның Гранада қаласында өтеді.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: sports.kz