Мирас кубалықты тізе бүктірді

Ла Лига Корреспондент
Мирас кубалықты тізе бүктірді

Алматыдағы Балуан Шолақ спорт кешенінде Дүниежүзілік бокс сериясы аясында (WSB) «Astana Arlans» командасы биылғы маусымдағы төртінші кездесуін кубалық «Cuba Domadores» командасына қарсы өткізуде...

БӨЛІСУ

Отандық былғары қолғап шеберіміз Мирас Жақыпов Дүниежүзілік бокс сериясы аясында (WSB) кубалық «Cuba Domadores» командасының бір өкілін тізе бүктірді.

Astana Arlans атынан шыққан Мирас 52 келі салмақта Херардо Сервантеспен жұдырықтасқан болатын. Қазылар алқасы кездесу соңында жеңісті қазақ боксшысына берді - 48-47,48-47,48-47.

Естеріңізге сала отырсақ, кубалық команда "В" тобында осы таңда көш бастап келеді. Ал Astana Arlans командасы қосымша көрсеткіштер бойынша қалыс қалуда. Бір айта кетерлігі, Cuba Domadores боксерлері 15 кездесудің бәрінде жеңіске жетіп, жеңілмей келе жатыр.

Дайындаған: Әкежан Дәкен

сурет: vk.com