"Еуразия Барысы" құрама үшін сәтті өтуде

О Сансызбай Корреспондент
"Еуразия Барысы" құрама үшін сәтті өтуде

Бүгін қазақша күрестен киелі Тараз қаласында байрағын көтерген «Еуразия Барысы» додасы Қазақстан құрамасы үшін сәтті өтуде.

БӨЛІСУ

«А» тобында бақ сынап жатқан жерлестеріміз Иран, Тәжікстан және Польша палуандарымен белдесуде. Ал «В» тобында Моңғолия, Ресей, Түркия және Қытай құрамалары бар.

Палуандарымыз намысты қолдан бермей келеді. Алғашқы белдесулерде Иран құрамасын 5:0 есебімен жеңсе, дәл осы есеп Тәжікстанмен болған кездесуде де тіркелді. Негізгі құрамда кілемде күресіп жүрген Абзал Арыстанбеков, Ерлан Естек, Ерсін Мұхаметжанов, Мұхит Тұрсынов және Бейбіт Ыстыбаев қарсыластарының жауырынын жер иіскетуде. Әзірге ұлттық құрамамыздың басты қарсыласы – Моңғолия құрамасы саналуда. Жерлестерімізге жеңіс тілейміз!

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: sportsarap.com