"Реалдың" өз "Мессиі" болады

О Сансызбай Корреспондент
"Реалдың" өз "Мессиі" болады

9 жасар жапондық Такухиро Накаи мадридтік "Реалдың" келешекте жаңа жұлдызына айналуы мүмкін. Талантты жас қазіргі таңда өзінің жасыл алаңдағы өнерімен жұртшылықты таңдандырып үлгерді.

БӨЛІСУ

Такухиро Накаи Жапонияда 7 жасында танымал болды. Оның ала допты ұршықша иіруін жергілікті телеарналар жарыса жарнамалады. Месси секілді әлемнің үздік футболшысы болуды армандайтын жас талантқа "Реал" басшылығының көзі түскен. Енді "жапондық жас Месси" "корольдік клубпен" келісім-шартқа отырып, команданың жасөспірімдер академиясында жаттығатын болады.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: gigafootball.net