Азия чемпионаты мәресіне жетті

О Сансызбай Корреспондент
Азия чемпионаты мәресіне жетті

Волейболдан Таиландта мәресіне жеткен Азия чемпионатында Қазақстан әйелдер құрамасы v орынды иеленді.

БӨЛІСУ

Бесінші орын үшін тартыс жүгізген Александр Гутор баптайтын қазақстандық қыздар Вьетнамды 3:2 (18:25, 18:25, 30:28, 25:21, 15:6) есебімен жеңіп шықты. Ал топтық кезеңде өткен кездесуде жерлестеріміз қарсыластарынан 3:0 есебімен басым түскен болатын.

Он жетінші Азия чемпионатының алтын жүлдесін Таиланд әйелдер құрамасы иеленді. Олар финалда жапон қыздарын 3:0 (25:22, 25:18, 25:17) есебімен жеңді. Қола жүлде Оңтүстік Корея әйелдер құрамасына бұйырды. 

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: sports.kz