Елена Рыбакинаның Мадридтегі ойынын қайдан көруге болады?

О Сансызбай Корреспондент
Елена Рыбакинаның Мадридтегі ойынын қайдан көруге болады?
Фото ©️ Porsche Tennis Grand Prix

Бүгін қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Мадридтегі WTA 1000 - Mutua Madrid Open жарысын бастайды. Жарыстың екінші айналымында италиялық Лючия Бронцеттимен кездеседі. 

БӨЛІСУ

Еленаның қарсыласы WTA рейтингінде 46-орында тұрған теннисші. Бұған дейін екеуі өзара кездеспеген. 

Ойын Қазақстандағы уақытпен сағат 14:00 шамасында басталады. Осы сілтемені басып, тікелей эфирде тамашалай аласыздар. 

Қазақстанның бірінші ракеткасы жеңіске жетсе, келесі кезеңде Марта Костюк (№21, Украина) – Майар Шериф (№72, Мысыр) арасындағы ойынның жеңімпазымен кездеседі. 

Елена Рыбакина жыл басынан бері үш чемпиондық атақ жеңіп алды. Брисбен, Абу-Даби және Штутгарттағы жарыстарда топ жарды. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!