Қазақстандық ракетка Зарина Диас жүлде қоры 5,3 миллион доллардан асатын Индиан-Уэллс теннис турнирінің төртінші кезеңіне өте алмады, - деп хабарлайды Vesti.kz. Бұл туралы Tengrinews.kz жазды.
БӨЛІСУ
Үшінші айналымда әлемдік рейтингте 32-орында тұрған Зарина Диас әлемнің бірінші ракеткасы, америкалық Серена Уильямспен кездескен еді. 55 минутқа созылған матч 6:2, 6:0 есебімен аяқталды. Америкалық теннисші жеңіске жетті.
Серена Уильямстың келесі қарсыласы Светлана Кузнецова (Ресей) - Слоан Стивенс (АҚШ) жұбының жеңімпазы болады.
сурет: radikal.ru