Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Қытайдағы Гран-при кезеңіне қатысады

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Қытайдағы Гран-при кезеңіне қатысады
Фото ©️ olympic.kz

Мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан құрамасының өкілі Михаил Шайдоров Қытайдың Чунцин қаласында өтетін Гран-при кезеңіне қатысады, - деп хабарлайды ҚР ҰОК.

БӨЛІСУ

Гран-при 22 қарашада басталады. Ерлер арасындағы жарыста осы күні қысқа бағдарлама бойынша сайыс өтеді.

Еркін бағдарлама бойынша сайыс 23 қарашада ұйымдастырылады. Ерлер арасында медаль үшін 12 спортшы бақ сынайды.

Айта кетейік, Михаил Шайдоров бұған дейін Францияда өткен Гран-при кезеңінде төртінші нәтиже көрсеткен еді.