Шаңғышылар Қазақстан қоржынына Универсиаданың тоғызыншы алтын медалін салды. Құрамында Анна Шевченко мен Олжас Климин бар қазақстандық команда үздік шықты.
БӨЛІСУ
Қазақстандық команданың нәтижесі 18:23.48 минутқа тең болды. Екінші орында Франция командасы (18:28.67), ал үшінші орынды Ресей командасы (18:29.50) алды. Тағы бір қазақстандық жұп - Ольга Мандрик пен Сергей Малышев алтыншы болып келді. Олардың уақыт көрсеткіші 19:11.72 минутқа тең.
Айта кетейік, Анна Шевченко Универсиада ойындарында Қазақстанға бірінші болып медаль алып берген еді. Ол бес шақырым қашықтықта жарыста жеке бақ сынап, үшінші орын алған болатын.