Өткен маусымдағы ел Кубогының иегері, Еуропа Лигасының топтық кезеңінде бақ сынаған қарағандылық «Шахтер» 2014 жылғы премьер-лига ойындарында жаңа жейдемен өнер көрсететін болды. Бұл туралы sports.kz сайты хабарлап отыр.
БӨЛІСУ
Бұл маусымда «кеншілер» «Lotto» ұсынған жейделермен ойнайтын болады. Өткен маусымда Виктор Кумыков шәкірттері «Nike», 2011-2012 жылғы маусымда «Umbro» ұсынған жейделерді киген еді.
Дайындаған: Өмірбек Сансызбай
Сурет: sports.kz