Футболдан 15 наурыз күні басталатын Қазақстан премьер-лигасының алдағы маусым кездесулері 2014 жылы Бразилияда өтетін Әлем чемпионатының ресми добы «Brazuca»-мен ойналуы мүмкін. Бұл туралы sports.kz сайты хабарлап отыр.
БӨЛІСУ
«Adidas» компаниясы ұсынған доп жанкүйерлер мен «мундиалды» ұйымдастырушылардың көңілінен шыққан болатын. Қазіргі таңда еліміздің бірнеше футбол ұжымдары Түркиядағы оқу-жаттығу жиындарында «Brazuca» добымен дайындалып жатқан көрінеді. Ал доптың құны 160 АҚШ долларын құрайды екен.
Дайындаған: Өмірбек Сансызбай
Сурет:marca.com