Олимпиада чемпионы Нижат Рахимов ел чемпионы атана алмады

Нұржамал Үсенова Корреспондент
Нұржамал Үсенова>
Олимпиада чемпионы Нижат Рахимов ел чемпионы атана алмады
Фото ©️ Liter.kz

Ауыр атлетикадан Рио Олимпиадасының чемпионы Нижат Рахимов Талдықорғанда өтіп жатқан ел чемпионатында екінші орын алды. Алтын медальды Айдар Қазов иеленді.

БӨЛІСУ

Нижат Рахимов 2016 жылғы Олимпиадада 77 кг-ға дейінгі салмақта қатысып, топ жарған еді. Жаңа ережеге сәйкес, қазақстандық ауыр атлет 81 кг-ға дейінгі салмақта жарыс жолына шықты.

Жұлқа көтеруде 150 кг көрсеткішпен бірінші орында болды. Айдар Қазов 2 кг аз көтерді. Серпе көтеруде Нижат екі бірдей мүмкіндігінде мүлт кетіп, соңында барып қана 185 кг зілтемірді басынан асырды. Ал Айдар Қазов 191 кг зілтемірлі ырқына бағындырып, ел чемпионы атанды.

Сондай-ақ ерлер арасында 89 кг-ға дейінгі салмақта да жеңімпаздар анықталды. Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Денис Уланов (160 +200) үздік екенін дәлелдеп, ел чемпионы атанды.

Ел чемпионаты - Ашхабадта жалауы желбірейтін әлем чемпионатының негізгі іріктеу кезеңі саналуда. Талдықорған тақтайтұғырына ұлттық құрама команданың барлық мүшесі қатысуда. Ертең Илья Ильин жарыс жолына шығады.