Қазақстандық спортшылар Пхенчхандағы XXІІI қысқы Олимпиаданың ашылу рәсімі өтіп жатқан Олимпиадалық стадионмен жүріп өтті. Спортшылар шеруінде еліміздің Туын шорт-трекші Абзал Әжғалиев көтеріп шықты.
БӨЛІСУ
Ақ Олимпиаданың ашылу салтанатында Оңтүстік Кореяның әнұранын түрлі ұлттар отбасынан шыққан 75 бүлдіршін орындады. Салтанатты ашылу салтанаты 2 сағатқа созылды.
Салтанатты шара барысында Оңтүстік Корея елінің президенті Мун Джэин мен ХОК басшысы Томас Бах сөз алып, Олимпиаданы ашық деп жариялады. Елдің мәдениетінен сыр шертетін қойылымдар ұсынылды. Олимпиада алауы тұтанды.