Қазақстандық 10 спортшы еркін күрестен әлем чемпионатына қатысады

Дина Ибраева Корреспондент
Дина Ибраева>
Қазақстандық 10 спортшы еркін күрестен әлем чемпионатына қатысады
Фото ©️ Ұлттық олимпиадалық комитет

Еркін күрестен U23 әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасындағы спортшылардың есімі анықталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

БӨЛІСУ

Ұлттық олимпиадалық комитет Руслан Өмірәлиев жаттықтыратын отандық еркін күрес шеберлері Тирана төрінде бақ сынайтынын мәлімдеді. Әзірге 9 спортшының есімі белгілі. Ал 74 келі салмақта күресетін спортшының есімі әлі анықталмады. 

Әлемдік дода 21-27 қазан аралығында өтеді. Еркін күрес шеберлері Тирана төрінде бақ сынайтын болады.

Еркін күрестен U23 әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан командасы: 

57 келі: Алан Оралбек

61 келі: Әділет  Әлмұхамедов

65 келі: Бекзат Ермекбай

70 келі: Ернұр Нұрғазы

74 келі: Әлі анықталмады

79 келі: Жеңіс Қаныбеков

86 келі: Нұржан Исағалиев

92 келі: Бекзат Аманғалиев

97 келі: Ризабек Айтмұхан

125 келі: Омархан Надиров

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!