Испандық теннисші Рафаэль Надаль кәсіпқой теннисшілер Ассоциациясы (АТР) рейтингісінің көшбасында тұрған серб Новак Джоковичті екінші орынға ығыстырып, топ бастады, деп хабарлайды ұйымның ресми сайты.
Айта кетейік, Надаль Пекинде өткен ATP турнирінің финалына дейін жетіп, жексенбі күні өткен ақтық матчта 3:6, 4:6 есебімен Джоковичке жол берген болатын. Алайда Джокович бұл турнирде өткен жылы да жеңімпаз атанғандығы себепті осы жолы оған ұпай берілмеді. Ал Надаль болса, 2012 жылғы Пекин турниріне қатысқан жоқ.
52 апта қорытындысы бойынша, ATP рейтингісі. 7 қазан:
1 (2). Рафаэль Надаль (Испания) – 11160 ұпай,
2 (1). Новак Джокович (Сербия) - 11120,
3 (3). Энди Маррей (Ұлыбритания) - 6895,
4 (4). Давид Феррер (Испания) - 6710,
5 (7). Хуан Мартин дель Потро (Аргентина) - 4925,
6 (5). Томаш Бердых (Чехия) - 4515,
7 (6). Роджер Федерер (Швейцария) - 4515,
8 (9). Станислас Вавринка (Швейцария)- 3150,
9 (8). Жо-Вильфрид Цонга (Франция) - 3115,
10 (10). Ришар Гаске (Франция) - 3095 ұпай.
Дайындаған: Болат Қосмағамбет
сурет: ua.tribuna.com