Михаил Шайдоров әлемдік рейтингте үздік ондыққа жақындады

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Михаил Шайдоров әлемдік рейтингте үздік ондыққа жақындады
Фото ©️ olympic.kz

Мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан командасынің өкілі Михаил Шайдоров әлемдік рейтингте екі саты жоғарылады, – деп хабарлайды msports.kz cайты.

БӨЛІСУ

Үздіктер тізімі жаңарғаннан кейін спортшы 13-орыннан 11-орынға көтерілген. Бұған оның жуырда Астанада өткен Денис Тен мемориалындағы жеңісі сеп болды. Алтын жүлде алғаны үшін 300 ұпай еншіледі. 

Рейтинг көшін америкалық Илья Малинин бастап тұр. Екінші орынға франциялық Сяо Хим Фа жайғасқан. Үшінші орында Као Миура тұр.