Құрбанов Тоқаевпен Ақордадағы кездесуге неге бармағаны белгілі болды

Мира Лұқпан Корреспондент
Мира Лұқпан>
Құрбанов Тоқаевпен Ақордадағы кездесуге неге бармағаны белгілі болды
Фото ©️ Ұлттық Олимпиада комитеті

Париж ойындарының күміс жүлдегері Нариман Құрбанов Олимпиада жүлдегерлерінің Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесуіне қатыспады. Президенттің кеңесшісі-баспасөз хатшысы Берік Уәли оның не себепті шараға қатыспағанына қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

БӨЛІСУ

Бүгін Қазақстан Президенті Париждегі Олимпиада ойындарында бақ сынаған спортшылармен және жаттықтырушылармен кездесу өткізді. Гимнаст Нариман Құрбанов іс-шарада түсірілген фотосуреттерден көрінбеді.

"Бүгін Ақордада Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Парижде өткен 33-Олимпиада ойындарында жүлдегер атанған спортшыларға мемлекеттік наградаларды табыс етті, өкінішке қарай, Олимпиаданың күміс жүлдегері Нариман Құрбанов сырқатына байланысты салтанатты шараға қатыса алмады. Оның тезірек сауығып, жаңа спорттық жетістіктерге жетуіне тілектеспіз", - деді Берік Уәли.

Айта кетейік, Мемлекет басшысының Олимпиада жүлдегерлерімен кездесуі сәл ертерек өтуге тиіс еді, бірақ спортшыларда COVID-19 анықталғандықтан кейінге қалдырылды. Үш жүлдегер мен екі бапкерде ауру анықталды.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!