Казарян "Металлургте" жүр

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Казарян "Металлургте" жүр

Өткен маусымда қарағандылық «Шахтердың» намысын қорғаған Армения ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Геворг Казарян донецкілік «Металлург» командасымен оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жүр.

БӨЛІСУ

25 жастағы футболшы осыған дейін бірнеше клубтардың қарауында болған еді. Олардың қатарында брауншвейгтік «Айнтрахт», алматылық «Қайрат», «Ақтөбе» және «Пюник» клубтары бар. Алдағы уақытта футболшының қайда ойнайтыны белгілі болмақ. Әзірге Геворг Казарян «кеншілер» футболшысы саналады. Армения ақпарат құралдарының хабарлауынша, ойыншы Виктор Кумыков шәкірттерінің қатарында қалуды қалап жүрмеген көрінеді.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: sports.kz