Таеквондошы Самирхон Абабакиров Люксембургте өткен G-1 санатындағы халықаралық турнирден алтын медаль жеңіп алды,– деп хабарлайды ҚР ҰОК.
БӨЛІСУ
63 килода сынға түскен Самирхон турнир барысында барлық қарсыласын айқын жеңіп шықты. Бұл спортшының Азия аймақтық лицензиялық турнирден кейін қатысқан алғашқы бәсекесі.
Еске сала кетейік, Самирхон Абабакиров Париж Олимпиадасында 58 кило салмақта бақ сынайды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!