Қазақстандық шаңғышы алтыншы алтынды қоржынға салды

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Қазақстандық шаңғышы алтыншы алтынды қоржынға салды
Фото ©️ sportvko.gov.kz

Алматыда өтіп жатқан 28-ші қысқы Универсиада ойындарында қазақстандық  тау шаңғышысы Иван Люфт алтыншы алтынды қоржынға салды.

БӨЛІСУ

Қазақстандық спортшы бәсекенің финалдық кезеңіне қосымша жолдама («лаки лузер») арқылы шығып, 3:53.60 минут кақыт көрсеткішімен алтын жүлдені жеңіп алды. 

Бұл сында екінші және үшінші орындарды ресейлік спортшылар Владимир Фролов (3:54.30) пен Егор Березин (3:54.57) иеленді. 

Тау шыңғысынан финалға шыққан екінші қазақстандық спортшы Олжас Климин (3:54.93) - төртінші, ал Александр Малышев (4:20.57) алтыншы орынға жайғасты. 

Тау-шаңғы спортынан әйелдер арасындағы жарыста да жерлестеріміз жүлдегерлер қатарынан көрінді. Спринттік сында Анна Стоян қола жүлдегер атанды. 

Айта кетейік, Универсиаданың төртінші күні қазақстандық спортшылар үшін сәтті өтті. Биатлоннан спринттік сында - Галина Вишневская, фристайлдың могул түрінен Дмитрий Рейхард (ерлер) мен Юлия Галышева (әйелдер) жеңіс тұғырынан көрінді. Сондай-ақ  биатлоннан ерлер арасындағы 10 шақырымдық спринтте Роман Еремин қола жүлдеге қол жеткізді.