Қазақстандық дзюдошы мансабын қайта жалғастыратын болды

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Қазақстандық дзюдошы мансабын қайта жалғастыратын болды
Фото ©️ @Данияр Майлыбаев, ҚР ҰОК

3-5 мамыр аралығында Душанбеде (Тәжікстан) дзюдодан "Үлкен дулыға" турнирі өтеді. Оған Қазақстан ұлттық құрамасы да қатысады. Ерлер арасындағы жарысқа қатысатындар тізімінде Азия ойындарының жеңімпазы Дидар Хамза да бар. 

БӨЛІСУ

Дидар өткен жылдың қыркүйек айында мансабын аяқтағаны жайлы хабарлаған еді. Одан бергі аралықта жарыстарға қатысқан жоқ. 90 кило салмақта мансабын қайта жалғап, алдағы "Үлкен дулыға" турнирінде бағын сынамақ. 

Аталған сында Қазақстан ерлер құрамасынан жеті салмақта 13 татами шебері сынға түседі.

Олар:

60 кило: Мағжан Шамшадин, Нұрқанат Серікбаев
66 кило: Еламан Сұлтанбай, Алмас Ғалымов
73 кило: Дастан Шаяхметов, Дархан Қойбағар
81 кило: Абылайхан Жұбаназар
90 кило: Аян Байғазы, Дидар Хамза
100 кило: Ислам Бозбаев, Нұрлыхан Шархан
+100 кило: Еламан Ерғалиев, Ерасыл Қажыбаев.

Айта кетейік, кеше ғана Гонконгта дзюдодан Азия чемпионатында қазақстандық дзюдошылар аралас командалық сында қола жүлдеге қол жеткізді.

Ал жекелей сында Ғалия Тынбаева, Есмигүл Құйылова, Жанарыс Рахметқали қола жүлдегер атанған болатын.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз