Дзюдодан Қазақстан командасы Азия чемпионатының қола жүлдесін жеңіп алды

Дзюдодан Қазақстан командасы Азия чемпионатының қола жүлдесін жеңіп алды
Фото: @IJF

Дзюдодан Гонконгта өтіп жатқан Азия чемпионатының соңғы жарыс күнінде Қазақстан командасы бір қола медаль еншіледі. Командалық сында отандастарымыз үшінші орыннан көрінді. 

Қола медаль үшін өткен кездесуде қазақ дзюдошылары Түрікменстан құрамасын 4:2 есебімен ұтты. Бұған дейін Қазақстан жартылай финалда Жапония командасына жол беріп алған еді. 

Айта кетейік, жекелей сында отандық дзюдошылар үш қола медаль еншіледі. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

О. Сансызбай